Аннотация
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген [1]. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əртүрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Ағылшын тілі—əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығымен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым-қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Как цитировать
Библиографические ссылки
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. — Астана: ҚР БжҒМ,
Шоманова А.С., Жансаринова Г.С. Тіл ұстарту жұмыстарының ерекшеліктері // Респ. пед. журн. «Мастер-класс». — 2015.
Мадиева С.С. Benefits of extracurricular activities for students // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі.-2015
ИбрагимоваС.Е. Тыңдап-түсіну, сөйлеу дағдысын арттыру шеберханасы. // Респ. пед. журн. «Мастер-класс». — 2009.
Қалышева Т. Ағылшын тілін оқытудағы дидактикалық ойындар // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. 2015
БегазоваМ.Ж. Шетел тілі сабағында білім алушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру жолдары //Мектептегі шет тілі. — 2011.
Авторы
Алтынбек Космуратов
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ
Айгерим Тукмирзаева
ОАИУ
Copyright (c) 2025 Журнал иностранных языков и лингвистики

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-ShareAlike» («Атрибуция — На тех же условиях») 4.0 Всемирная.